2018 жылғы 30 қарашада Астана қаласында, «Қазжол» қонақ үйінің конференц-залында экстремизмге қарсы жастар қозғалысының спикерлері үшін «Team building» тренинг өткізілді.

«Team building» тренингті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша «Ризалық» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Тренинг мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеттегі азаматтық жауапкершілік деңгейін көтеру, Қазақстан жастарының радикалды және деструктивті діни топтарға тартылуын болдыртпау.

Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан экстремизмге қарсы
«Q-one» жастар қозғалысының көшбасшылары болып табылатын 34 спикер қатысты.

«Team building» тренингі жұмысына Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Есенова Дианна, Астана қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімінің бастығы Койшиева Лимана, «Foreva» жеке тұлғаны дамыту орталығының басшысы Аймаханова Назира тартылды.

«Team building» тренинг барысында жастарды деструктивті діни ағымдарға және экстремистік ұйымдарға тарту қаупіне, интернет-кеңістікте діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы тұру, рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сынды тақырыптар талқыланды.