2018 жылы қараша айының 5-6 аралығында (Павлодар қ) «Иртыш» қонақ үй конференц-залында «Мемлекет жастарын экстремистік және деструктивтік діни топтарға тартудың алдын алу мақсатында экстремизімге қарсы жастар қозғалысын ұйымдастыру» жобасы аясында ««Психологиялық самбо» тәсілдері– әлеуметтік-психологиялық зомбылыққа қарсы іс-қимыл әдістері» және «Экстремизмге қарсы іс-қимылдар кейсін интернет-кеңістігінде ілгерілету» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды Қазақстан Республикасы қоғамдық даму  министрлігінің  қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша «Ризалық» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Семинарда қалалық әкімшілік өкілдері, жастар шығармашылық орталығының басшылары, қоғам белсенділері қатысты.

Семинар аясында экстремизмге қарсы «Q-one» жастар қозғалысының еріктілері әлеуметтік-психологиялық зомбылыққа қарсы іс-қимыл әдістерін және интернет желісіндегі  экстремизмнің  алдын-алу жолдарын түсіне алды .