2018 жылы қазан айының 29-30 аралығында (Алматы қ) «Қазжол» қонақ үй конференц-залында «Мемлекет жастарын экстремистік және деструктивтік діни топтарға тартудың алдын алу мақсатында экстремизімге қарсы жастар қозғалысын ұйымдастыру» жоба аясында «Дәріс материалдарын визиуализациялау» және «БАҚ-пен жұмыс жасау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды Қазақстан Республикасы қоғамдық даму  министрлігінің  қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша «Ризалық» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Семинарға — кинорежиссерлар, сценаристер, продюссерлер, белгілі газет редакторлары, теле/радио жүргізушілер  және т.б. белгілі отандық БАҚ өкілдері қатысты.

Семинардың бірінші бөлігі спикерлер жаңалықтарды ұсыну ерекшеліктері туралы, тақырыптардың дұрыс аталуы, журналистердің қағидалары туралы, сұхбат алу және беру, мақалаларды қалай атауға болатындығын, түрлі интернет-ресурстарды қалай пайдалану керектігін айқындады.

Семинардың екінші бөлігі спикерлер: мақаланы жазған кезде журналистердің этикалық нормаларын сақтау, дұрыс емес ақпаратты жариялау үшін жауапкершілікке тарту, әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен түсініктемелерге,  террористік қызметке шақыру, этникааралық және конфессияаралық қақтығыстарды тудыратын басылымдарды  жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының  құқықтық негіздеріне арнады.

Барлық қатысушылар семинарға, спикерлердің жұмысына, іс-шараны ұйымдастыруға қанағаттанған болатын және ұйымдастырушылар мен спикерлерге бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы білімдері мен дағдылары үшін алғыс білдірді.